Текст
05.10.2026
Балабақша меңгерушісі Байкенова Сагила Баймурзақызы педагогикалық ұжыммен жүйелі түрде профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Педагогтерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, кәсіби әдеп және еңбек тәртібі нормалары түсіндіріледі.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және мүдделер қақтығысына жол бермеу мәселелері бойынша кеңестер мен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Лауазымдық міндеттерді орындау барысында адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын сақтауға ерекше назар аударылады.
Ұжымда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік қағидаты қалыптастырылады. Педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі.