07.10.2026
2026 жылғы 6 қазанда балабақшамызда педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, оқу-тәрбие үдерісінің сапасын жетілдіру және жаңа оқу жылындағы басым бағыттарды айқындау мақсатында №1 әдістемелік отырыс өткізілді.
Отырыс барысында 2026–2027 оқу жылына арналған әдістемелік кеңестің құрамы мен жылдық жұмыс жоспары қаралып, педагогтер нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстырылды, оқу жылындағы негізгі басым бағыттар талқыланды.
Балабақшаның экологиялық бағыты аясында «Жасыл балабақша» жобасы бойынша педагогтермен жүргізілетін жұмыстарға ерекше назар аударылды. К.К. Каратаева аталған бағыттағы жұмыс жоспарымен таныстырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шараларды ұсынды.
К.С. Толегенова және А.К. Капишева «Сиқырлы бақ – тұқымнан өсімдікке дейін» жобасын таныстырып, балалардың табиғатты бақылау, зерттеу, өсімдіктерді күтіп-баптау дағдыларын дамыту жолдарына тоқталды.
А.Е. Бегалина, Г.Т. Алдабергенова, Г.Е. Караулова және А.М. Омиржан «Мектепке дейінгі білім беруде тиімді әдістер мен инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбында практикалық семинар өткізіп, заманауи әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдану жолдарымен бөлісті.
Отырыс соңында бастапқы мониторинг нәтижелері талданып, балалардың жеке даму ерекшеліктерін ескере отырып, түзету-дамыту жұмыстарын жоспарлау мәселелері қарастырылды.
Әдістемелік отырыс педагогтердің өзара тәжірибе алмасуына, кәсіби ізденісін арттыруға және жаңа оқу жылындағы міндеттерді нақтылауға мүмкіндік берді.
Басты мақсатымыз – заманауи әдістерді тиімді пайдалана отырып, балалардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау және экологиялық мәдениеті қалыптасқан саналы ұрпақ тәрбиелеу.